Тоқаев Алматы көшелерінде серуендеп, бұрын өзінің отбасы тұрған аулаға барды
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқав Алматы көшелерінде серуендеп, бұрын өзінің отбасы тұрған аулаға барды. Бұл сәттің видеосын Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында бөлісті.
"Мемлекет басшысы Алматыдағы қоғамдық көлікті диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысқаннан кейін қала көшелерінде серуендеп, бұрын отбасы тұрған аулаға барды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқав Алматыға 31 мамырда жұмыс сапарымен келген еді. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көріп, бірқатар кездесу өткізеді.
Мәселен, бүгін президент "Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС басқаратын ONAY электронды билет сату жүйесімен және Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерді диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2022995-toqaev-almaty-koselerinde-zayau-seruendep-buryn-ozinin-otbasy-turgan-aulaga-bardy-video/