Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экология және табиғи ресурстар министрлігінде ауыс-түйіс болды

Опубликовано:

Нұркен Шәрбиев
Нұркен Шәрбиев. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Нұркен Қожамұратұлы Шәрбиев Экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі қызметіне, Мансұр Тұрсынұлы Ошурбаев вице-министр қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

Нұркен Шәрбиев 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы шаруа қожалығының бас экономисі болып бастаған.

2000 - 2002 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік, Стратегия және мемлекеттік реттеу департаментінде, Индикативтік жоспарлау және экономикалық талдау басқармасында жетекші, бас маман болған.

2002 - 2011 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2011 - 2012 жылдары – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, 2012 - 2013 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссия Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары (Мәскеу қ.), 2013 - 2014 жылдары – "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры болған.

2014 - 2017 жылдары – жеке меншік ұйымда жұмыс істеген.

Сондай-ақ 2017 - 2018 жылдары – "ҚазАгроҚаржы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2018 - 2020 жылдары – "Тараз" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы, 2020 - 2022 жылдары – "Атамекен" ҰКП басқарушы директоры – департамент директоры болып жұмыс істеген.

Ал 2022 жылғы маусымнан желтоқсанға дейін Amanat партиясы "Ауыл аманаты" жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы қызметін, 2023 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарған.

Мансұр Ошурбаев
Мансұр Ошурбаев. Фото: primeminister.kz

Мансұр Ошурбаев 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, "Тұран-Астана" университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жетекші маман болып бастаған.

2010 - 2014 жылдары – Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде әр түрлі қызметтерде жұмыс істеген.

2014 - 2016 жылдары – Энергетика министрлігі Астана қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.

2016 - 2017 жылдары – Энергетика министрлігі Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.

2017 - 2019 жылдары – Энергетика министрлігі Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы болған.

2019 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2023006-nurken-sarbiev-ekologiya-zane-tabigi-resurstar-birinsi-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel