Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осындай азалы сәтте Үндістан халқымен біргеміз": Тоқаев теміржол апатына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Мемлекелет басшысы премьер-министр Нарендра Модиге және Үндістан халқына теміржол апаты салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтқан.

"Одиша штаты, Баласор елді мекенінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. Жақындарынан айырылған отбасылардың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.

Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай азалы сәтте Үндістан халқымен біргеміз", – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетейік, Үндістандағы теміржол апаты 2 маусымда болды.

Елдің теміржол билігінің мәліметінше, Калькуттадан Ченнай қаласына бағыт алған жолаушылар пойызы жүк пойызмен соқтығысып, салдарынан жолаушылар пойызының 10-12 вагоны рельстен шығып кетіп, қарама-қарсы жолға құлаған. Біршама уақыттан кейін оларға тағы бір жолаушылар пойызы келіп соқтығысқан. Салдарынан ішінде жолаушылары бар тағы үш-төрт пойыз рельстен шығып кеткен.

Бастапқыда теміржол апатынан ондаған адамның қаза тапқаны хабарланған еді. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, соңғы мәліметтер бойынша пойыздардың соқтығысуынан қаза болғандар саны 288-ге дейін өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2023239-osyndai-azaly-satte-undistan-xalqymen-birgemiz-toqaev-temirzol-apatyna-bailanysty-narendra-modige-konil-aitty/