Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Тоқаевтың қолынан офицерлік шен алды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және жаңа офицерлер
Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметкерлерге офицерлік шен табыс етті. Фото: t.me/aqorda_resmi

Бүгінгі Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан офицерлік шен алды. Офицерлердің тізімі Ақорда Тelegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтынан:

1) Есенбаев Мирас Сүлейманұлы

2) Әшім Ақыл Ермұратұлы

Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері әскери институтынан:

3) Аманалы Айдәулет Медетұлы

4) Саткеев Әділ Марғұланұлы

ҰҚК Шекара қызметі академиясы:

5) Бекболатов Ержан Бекболатұлы

6) Бірлік Бауыржан Жанатбекұлы

ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясынан:

7) Темірбеков Самат Талғатұлы

8) Бақтиярова Дана Асланқызы

Ұлттық ұлан академиясынан:

9) Тілеген Өмір Русланұлы

10) Керімбеков Ерболат Сұлтанұлы

ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясынан:

11) Полатов Ербағлан Еркінұлы

12) Бакирамов Дихан Нұрланұлы

Шара соңында Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары Президент пен жиналған қауым алдынан салтанатты маршпен жүріп өтті.

Ту көтеру рәсіміне парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов, мемлекеттік органдар басшылары, Үкімет мүшелері, парламент депутаттары, Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия мүшелері, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2023392-zogary-askeri-oqu-oryndarynyn-12-uzdik-tulegi-toqaevtyn-qolynan-oficerlik-sen-aldy/