Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев өрт кезінде жіберілген қателіктер туралы айтты

Опубликовано:

Шұғыл әрекет ету штабының отырысы
Шұғыл әрекет ету штабының отырысы. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында өткен шұғыл әрекет ету штабының отырысында өрт кезінде жіберілген қателіктер туралы айтты. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасында хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті тапсырма берілгенімен, былтырғы алапат өрттен тиісті қорытынды шығарылмағанын айтты. Оның сөзінше, қауіп-қатер бағаланбай, дұрыс болжам жасалмаған.

"Нәтижесінде табиғат апаты тиісті дәрежеде әрі дер кезінде ауыздықталмады. Демек, тиісті алгоритмдер жұмыс істемейді. Бұл, ең алдымен, ТЖМ-нің кемшілігі.

Жалпы, Қауіпсіздік кеңесі бекіткен іс-әрекет алгоритмі болуы керек. Орман өртенді ме, демек оны дереу сөндіруге кірісу керек. Бірақ техникасы, құрал-жабдығы жоқ орманшыларды қауіпті жағдайда қалдыруға болмайды. Кем дегенде, өртті оқшаулау міндеті қойылуы керек. Бірге жұмыс істеу қажет. Бұл – бүкілхалықтық апат. Роман Васильевич Скляр, айналысыңыз, осы мәселелерді бақылауға алыңыз", - деді ол.

Сондай-ақ Тоқаев жуырда Қостанайдағы жағдайды мысал ете отырып, одан сабақ алынбағанын айтты.

"Өрт – жиі болатын құбылыс. Бүкіл әлемде өрт болып жатыр. Онымен күресе білу керек. Әсіресе, біз ормандар туралы айтып отырмыз. Жалпы, біз ормандарымызға дұрыс қарамаймыз. Бізде олардың көлемі аз. 4 пайызға жетпейтін орман алқабы бар.

Бас прокуратураға қозғалған қылмыстық іс аясында уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың іс-әрекетіне нақты баға беруді тапсырамын", - деді Тоқаев.

Тоқаев орман және дала өртін ерте анықтап, алдын алу жұмыстары қолға алынбағанын жеткізіп, Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен өңірлердің әкімдері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мынадай шараларды қабылдауы тиіс екендігін еске салды:

  • өрт ошақтарын ерте анықтаудың цифрлық жүйелерімен жабдықтауы, өртті бейнебақылау және мониторинг жасау жүйелерін енгізу шараларын қабылдауы керек;
  • мұндай жүйелерді енгізгенге дейін орман алқабын авиация арқылы және жерден бақылау, сондай-ақ өрт қаупі жоғары кезеңдерде «ұшқышсыз ұшатын аппараттарды» қолдану жиілігін арттыруы қажет;
  • табиғатты қорғау және орман мекемелерін өртке қарсы техникалармен жарақтандыру деңгейін талапқа сай нормаларға дейін жеткізуі керек.

Сонымен қатар ведомствоның хабарлауынша, мемлекет басшысы былтыр Қостанайда болған өрт кезінде азаматтық қорғау және атқарушы билік органдарының төтенше жағдайларға нақты дайындығына тексеру жүргізуді тапсырғанын айтқан.

Сондықтан Орман және дала өртін сөндіру үшін өртке қарсы техникалық құрал-жабдық қорларының дайындық деңгейі төмен екені анықталды.

"Атап айтқанда, материалдық-техникалық жарақтандыру көрсеткіші – 69%, функционалдық инфрақұрылым көрсеткіші – 63%. Жалпы, орталық және жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайларға дайындығы – 70% (Төтенше жағдайлар министрлігі – 75,1%, Экология және табиғи ресурстар министрлігі – 59,5%, жергілікті атқарушы органдар – 70,2%).

Үкімет дайындық көрсеткіштерін төтенше жағдайларға тиісті дәрежеде төтеп беретін деңгейге жеткізуі қажет.

Әлемде бірде-бір мемлекет көп кәсіби өрт сөндірушіні ұстап тұра алмайды. Еріктілер отрядтарын тарту тәжірибесі кеңінен қолданылады және оларды оқытады, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді және сақтандыру шаралары қарастырылады. Бізде де бұл нормалар заң жүзінде қарастырылған. Біз бұл ресурсты белсенді пайдалануымыз керек", - деп сөзін түйіндеді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2024289-qasym-zomart-toqaev-ort-kezindegi-ziberilgen-qatelikter-turaly-aitty/

pixel