Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы өрт: президент құтқарушылармен және еріктілермен кездесті (видео)

Жарияланған күні:

Тоқаевтың құтқарушылар және еріктілермен кездесуі
Тоқаевтың құтқарушылар және еріктілермен кездесуі. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы өрт сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылармен және еріктілермен кездесті. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысынан кейін өрт сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылармен және еріктілермен кездесті.

"Баршаңызға алғыс айтамын. Еріктілер, сіздерге де ризамын. Жарайсыздар. Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз мемлекет тарапынан елеусіз қалмайды.

Үлкен апат болды. 14 адам қаза тапты. Жаңа ғана азаматтармен кездестім. Өте ауыр жағдай. Сондықтан осындай қасіретті апат кезінде бәріміз бір халық, бір ұлт болып бірге жұмыс істеуіміз керек.

Жаңа ғана кеңес өтті. Ұйымдастыру шараларын талқыладық. Ең бастысы, біз осы төтенше жағдайды, әсіресе өртті адам шығынына жол бермей, уақытылы, тез ауыздықтай білуіміз керек. Аман болыңыздар", – деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2024293-adam-sygynyna-zol-bermei-uaqytyly-tez-auyzdyqtai-biluimiz-kerek-toqaev-qutqarusylarmen-zane-eriktilermen-kezdesti-video/