Мәскеуде дүйсенбі күні демалыс деп жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомМәскеу мэрі Сергей Собянин ресми Telegram арнасында дүйсенбі күнін демалыс деп жариялады.
"Мәскеуде антитеррорлық операция режимі жарияланды. Жағдай күрделі", - деп жазды ол.
Осыған байланысты Собянин Мәскеуде дүйсенбі күнін демалыс деп жариялаған.
"Қауіпті барынша азайту мақсатында жедел штаб шеңберінде мемлекеттік органдар мен үздіксіз циклде жұмыс істейтін кәсіпорындар, әскери-өнеркәсіптік кешен және қалалық қызметтерді қоспағанда, дүйсенбі күнін демалыс деп жариялау туралы шешім қабылдадым", - деп жазды Ресей астанасының мэрі.
Оның сөзінше, Мәскеуде билік органдары, үздіксіз циклде жұмыс істейтін кәсіпорындар, қорғаныс өнеркәсібі және қалалық қызметтер 26 маусым күні де жұмыс істейтін болады.
Сергей Собянин мәскеуліктерден мүмкіндігінше қалаға шықпауды сұрап, белгілі бір кварталдар мен кейбір жолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін екенін айтты.
Еске салайық, бүгін түнде Ресей "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің қарулы көтеріліс бастағанын мәлімдеген еді.
Владимир Путин бұл жайтқа қатысты үндеу жасады. Ол болып жатқан жағдайды сатқындық деп атады.
Сол арада Қазақстанның Ресейдегі елшілігі азаматтарға Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына бармауды ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026256-maskeude-duisenbi-kuni-demalys-dep-zariyalandy/