jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    "Ресей билігі ҰҚШҰ арқылы көмек сұрады ма": Сыртқы істер министрлігі жауап берді

    Жауынгерлер
    Жауынгерлер. Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Ресей билігі осы демалыс күндері елдегі жағдайға байланысты ҰҚШҰ арқылы көмек сұрады ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Сыртқы істер министрлігі желісі бойынша Ресей тарапынан ешқандай көмек сұралмады. Ресми түрде жоқ", – деді Айбек Смадияров.

    Ол сондай-ақ журналистердің егер Ресей президентінен осындай ұсыныс түссе, ҰҚШҰ аясында көмек көрсетіле ме деген сұрағына жауап берді.

    "Бұл тек осы ұйым белгілеген шарттар мен ережелердің шеңберінде ғана (көмек жібереді – ред. ескертпе). Бұл ұйымның ережелерін қараңыз, сонда бәрі жазылған", – деп түйіндеді ол.

    "Ресей билігі ҰҚШҰ арқылы көмек сұрады ма": Сыртқы істер министрлігі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.