Тоқаев БАҚ өкілдеріне сыйлықтар мен гранттар тапсырды (фото)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне сыйлықтар мен гранттар тапсырды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 маусымдағы өкімімен:
Қазақстан президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
- "31 арна" телеарнасының тілшісі Әлімжанова Ирина Советжанқызына;
- "Оңтүстік Қазақстан" газетінің бас редакторы Балажан Абайға;
- "Казахстанская правда" газетінің тілшісі Вологодская Галина Юрьевнаға берілді.
Қазақстан президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:
- "Orda. kz" ақпарат порталының тілшісі Астахов Илья Дмитриевичке;
- "Хабар 24" телеарнасының тілшісі Балтабаев Әділ Серікұлына;
- "Tengrinews. kz" ақпарат порталының тілшісі Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына;
- "Qazaqstan" телеарнасы ақпараттық-сараптамалық дирекциясы директорының орынбасары Омаш Саламатқа тапсырылды.
Қазақстан президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы алғысы:
- "Время" газетінің шығармашылық ұжымына;
- "Қызылжар-Ақпарат" ЖШС-ның шығармашылық ұжымына;
- "Kaztag" ақпарат порталының шығармашылық ұжымына;
- "TDK-42" телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026573-toqaev-baq-okilderine-syilyqtar-men-granttar-tapsyrdy/