Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

Ақорданың мәліметінше, екі ел басшылары бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркияның бауырлас халықтарына игілік пен бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар былтыр мемлекет басшысының Анкараға және Түркия президентінің Астанаға жасаған мемлекеттік сапарлары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға баса мән берілді.

Одан бөлек, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026700-toqaev-pen-erdogan-telefon-arqyly-soilesti/