Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытбек Сыдықов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Опубликовано:

Әскер
Әскерлер. Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

Бақытбек Сыдықов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

Былтыр сәуір айында полковник Бақытбек Сыдықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қару-жарақ бастығы лауазымына тағайындалды.

Бұл ретте мемлекет басшысы Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаевты Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатуға бұйрық берді.

Айта кетейік, ол бұл қызметті 2020 жылдың тамыз айынан бастап атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026773-baqytbek-sydyqov-qorganys-ministrinin-orynbasary-lauazymyna-tagaiyndaldy/