Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған әкімі Әсет Масабаев қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Әсет Масабаев
Әсет Масабаев. Фото: gov.kz

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2022 жылғы наурыз айынан бастап атқарып келген. Ақпаратты қала әкімдігігің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Әсет Дүйсебекұлы Масабаев 1985 жылы Алматы облысында туған.

Ол - Алматыдағы Энергетика және байланыс институтының, Экономика және құқық Академиясының, Мәскеу қаласындағы ресейлік Халықтар достығы университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2007 жылы "Алматы электр станциясында" электромонтер болып бастаған.

2008 жылдан 2010 жылдары "Наз" ЖШС-де бас энергетик, "Алмаз және КЮС" ЖШС-де техникалық директор болып жұмыс істеген.

2010 жылдан 2013 жылдары Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында жетекші маманның міндетін атқарушыдан энергия,жылумен қамту бөлімінің бастығына дейінгі жолдардан өткен.

Әр жылдары Жетісу және Медеу аудандары әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының, Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болған.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2019-2020 жылдары-Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болды.

2020 жылғы 12 қыркүйек Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болған.

2022 жылғы 4 наурыздан бастап Талдықорған қаласының әкімі болып қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2026998-taldyqorgan-akimi-aset-masabaev-qyzmetinen-bosatyldy/