Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевқа Ұлттық ұлан мен туристік полицияның жаңа формасы таныстырылды (фото)

Опубликовано:

Ұлттық ұлан мен туристік полицияның жаңа формасы таныстырылды
Ұлттық ұлан мен туристік полицияның жаңа формасы таныстырылды. Фото: t.me/aqorda_resmi

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық ұлан мен туристік полицияның жаңа формасы көрсетілді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысына Ұлттық ұлан мен туристік полицияның жаңа формасы таныстырылды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісін өткізіп, алаяқтарға қарсы күресті күшейтуді тапсырған еді.

Алқа мәжілісінде президент тәртіп сақшыларының беделі туралы сөз қозғап, "адамды азаптауға, қинауға, тыйым салынған тергеу тәсілдерін қолдануға мүлдем жол берілмейтінін" айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027009-toqaevqa-ulttyq-ulan-men-turistik-policiyanyn-zana-formasy-tanystyryldy-foto/