Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досхан Жолжақсыновтың ұлы Астана мәслихатына депутат болып сайланды

Опубликовано:

Астана
Астана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясы қалалық мәслихаттың жаңа депутатын тіркеді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Астана қаласы мәслихатына Жолжақсынов Бекзат Досханұлы Amanat партиясы қоғамдық бірлестігі атынан тіркелді.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 45-баптарына, 46-бабының 3-тармағына, 111-1 бабының 6-тармағына сәйкес Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 23 шешімімен Жолжақсынов Бекзат Досханұлы Астана қаласы мәслихатының VIII сайланған депутаты болып, "AMANAT" партиясы" қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының партиялық тізімі бойынша тіркелді", - делінген хабарламада.

Осыған дейін Астана қаласының мәслихат депутаты Берік Оралұлы Жәкеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтайтыны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027015-dosxan-zolzaqsynovtyn-uly-astana-maslixatyna-deputat-bolyp-sailandy/