Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Абай облысындағы өрт кезінде ерлік көрсеткен бірнеше адамды марапаттады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында болған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі, әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы үшін бірнеше қызметкерді арнайы орден, медальдармен марапаттады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының жарлығымен Абай облысында болған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі, әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы үшін марапатталды:

II дәрежелі "Айбын" орденімен:

1. Байдоллаев Нұрлан Қошқарұлы – Қорғаныс министрлігі 53975 әскери бөлімінің командирі;

2. Долдаев Дамир Талғатұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі;

3. Садықов Орал Жексенғалиұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаменті Бородулиха ауданы полиция бөлімінің бастығы.

III дәрежелі "Айбын" орденімен:

1. Баймұратов Думан Қайратұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;

2. Қасымов Ілияс Ерғазыұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

3. Никифоренко Иван Юрьевич – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;

4. Смайылов Рустам Қадырұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №24 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

"Ерлігі үшін" медалімен:

1. Ақағалиев Ермек Жеңісұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;

2. Әубәкіров Талғат Жұмақанұлы – "Целинное"" ЖШС директоры, Абай облысы;

3. Белгібаев Бахтияр Станұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №9 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;

4. Ермеков Мұхамед-Шәріп Әбсағитұлы –Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі;

5. Жиренов Бекболат Маратұлы–Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандандырылған тобының бөлімше командирі;

6. Кенжебаев Ертай Мирамұлы –Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 16 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;

7. Күдербеков Болат Оралұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;

8. Қабдулин Арман Жанатбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

9. Мұхамет Мұрал Мұхаметұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;

10. Нұрмұхамбетов Бақытжан Нұрмұхамбетұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;

11. Сайдулаев Гилани Умарович – "Восток лес индустрия" ЖШС директоры, Абай облысы;

12. Хурай Өркен – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:

1. Жанғазинов Талғат Ағыбайұлы – Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің бригада сержанты.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен:

1. Алексеев Алексей Владимирович – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ Бөкебай филиалының Бөкебай орман өрт сөндіру станциясының өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі;

2. Лебединский Александр Петрович – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК Бородулиха авиациялық бөлімшесінің басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027021-toqaev-abai-oblysyndagy-ort-kezinde-korsetken-erligi-usin-birnese-qyzmetkerdi-memlekttik-nagradamen-marapattady/