Оқу-ағарту министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды
Жарияланған күні:
Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Тимур Темірғалиұлы Әбілмәжінов Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды Бұл туралы үкімет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Тимур Әбілмәжінов 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Экономика", Еуразия гуманитарлық институтін "Құқықтану", Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша магистратура оқыған. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2007 жылы "Казатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Семизбай-U" ЖШС-да жоспарлау жөніндегі маман болып бастаған.
2008-2009 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінде сарапшы.
2009-2014 жылдары – Президент әкімшілігінің Жалпы бөлімінде референт, сарапшы, консультант.
2014-2020 жылдары – Президент әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде инспектор, сектор меңгерушісі.
2020 жылғы қараша айынан қазіргі кезге дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027030-oqu-agartu-ministrligi-apparatyna-zana-bassy-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.