Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды

Опубликовано:

Дәурен Абаев
Дәурен Абаев. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Президент жарлығымен Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.

Айта кетейік, Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдаған. 

2001-2003 жылдары — Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі, үшінші хатшысы.

2003 жылы — Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің үшінші хатшысы.

2003-2007 жылдары — Қазақстан ның Нидерландыдағы екінші хатшысы, уақытша сенімді өкілі.

2007 жылы — Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің басшысы. 

2007-2009 жылдары — Президент сарапшысы, консультанты, Президент баспасөз хатшысының орынбасары.

2009-2011 жылдары — Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылы — Президенттің баспасөз хатшысы, кеңесшісі.

2016-2019 жылдары — Ақпарат және коммуникациялар министрі.

2019-2020 жылдары — Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2020-2022 жылдары — Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2022 жылғы 11 қаңтардан 2023 жылғы 1 сәуірге дейін Мәдениет және спорт министрі лауазымын атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027259-dauren-abaev-qazaqstannyn-reseidegi-elsisi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel