Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Джозеф Байден мен Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта АҚШ президенті Джозеф Байденді және Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаған.

Сондай-ақ мемлекет басшысы жеделхатта Қазақстан мен Американың қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетика, инвестиция тарту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігі және екі ел халықтары арасындағы қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

Сонымен қатар президент Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен өзара байланысын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, барлық саладағы ынтымақтастықтың одан әрі табысты дами беретініне сенім білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027443-toqaev-aqs-prezidenti-dzozef-baidendi-zane-amerika-xalqyn-tauelsizdik-kunimen-quttyqtady/

pixel