Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәулетбек Құсайынов Қазақстанның Канададағы елшісі болды

Опубликовано:

Дәулетбек Құсайынов
Дәулетбек Құсайынов. Фото: gov.kz

Қазақстан Канададағы төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәулетбек Қайырбекұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ақорданың хабарлауынша, ол Қазақстан президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылған.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Дәулетбек Құсайынов 1977 жылы 17 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, Еуразия гуманитарлық институтын және Стирлинг университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде неміс тілі кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 1999-2000 жылдары Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Ұлттық орнықты даму орталығының кеңесшісі болған.

Дипломатиялық мансабын 2000 жылы Сыртқы істер министрлігінде Көпжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі лауазымынан бастаған. 2004 жылға дейін сол департаментте үшінші, содан кейін екінші хатшы болып жұмыс істеген. 2004-2008 жылдары Бельгиядағы Қазақстан елшілігінің үшінші хатшысы болған.

2008-2009 жылдары Индустрия және сауда министрлігінің Сауда келіссөздері департаментінде басқарма бастығы қызметін атқарған.

2009-2014 жылдары Қазақстан президенті әкімшілігінде Сыртқы саясат орталығының кеңесшісі, инспекторы, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеген. 2014-2017 жылдары – Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің кеңесші-уәкілі, ал 2017-2019 жылдары – АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің кеңесші-уәкілі болған.

Қазақстанның Канададағы елшісі болып тағайындалғанға дейін 2019 жылғы қазаннан бастап Қазақстан президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

II cыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

Ағылшын, неміс, нидерланд тілдерін меңгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027495-prezident-akimsliginin-qyzmetkeri-qazaqstannan-kanadadagy-elsisi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel