Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесі кім, күйеуі кім - біз үшін айырмашылық жоқ": министр Ахметовтің қызына берілген субсидия туралы айтты

Опубликовано:

Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев. Фото: primeminister.kz

Үкімет кулуарында журналистер Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен неліктен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің қызы ғана Павлодар облысында жеке кәсіпкерлік арқылы субсидия алғаны жайлы сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біздің мемлекеттік актілер жүйесінде 51 мың тіркелуші бар – мұның бәрі тауар өндірушілер. Олар өзінің жерлерін, малының бар-жоғын көрсетеді. Ешкім сенен әкең кім, анаң кім немесе өзіңнің кім екеніңді сұрамайды.

Жүйе объективті түрде сұрайды (деректерді – ред.), егер негіз болса, төленеді. Егер ақша болмаса, күту тізіміне енгізіледі. Бұл біздің жүйенің жаңашылдығы. Сұрау жасаңыз.

Біз қазірдің өзінде 120 миллиард субсидия төледік. Он мыңдаған адам субсидия алды", – деп жауап берді Ербол Қарашөкеев Ахметовтің қызына субсидия беру туралы сұраққа.

Министр ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді "олардың әкесі кім, бай ма, кедей ме" қағидаты бойынша бөлуге болмайтынын, субсидиялар белгіленген критерийлер бойынша берілетінін айтты.

"Егер біз қазір кімнің ата-анасы екенін айта бастасақ, бейберекетсіздік басталады. Ең маңызды сұрақ – заңды негіздер болған, болмағанында. Біз сұрау салып (Ахметовтің қызына субсидия берудің заңдылығын – ред.) көре аламыз. Шешімді ауыл шаруашылығы басқармасы және құқық қорғау органдары қабылдайды. Көрейік", – деді АШМ басшысы.

Осы тақырып бойынша тағы бір нақтылаудан кейін министр эмоционалды сөйлеуге көшті, ал журналистер неліктен бұл министрдің наразылығын тудырғанын сұрады.

"Мен қалай ренжімеймін? Егер бұл ауылшаруашылық тауар өндірушісі болса, бізге оның кім екені, яғни әкесі-анасы, атасы, жиені, күйеуі дейсіз бе, айырмашылық жоқ. Ең бастысы, субсидиялар беру кезінде заң бұзылмауы керек. Егер заң бұзушылықтар болса құқық қорғау органдары өз бағасын береді", – деп жауап берді Қарашөкеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027500-akesi-kim-kuieui-kim-biz-usin-aiyrmasylyq-zoq-ministr-axmetovtyn-qyzyna-berilgen-subsidiya-turaly-aitty/

pixel