Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Тошиаки Эндоны қабылдады

Опубликовано:

Президент Тошиаки Эндоны қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тошиаки Эндо. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Тошиаки Эндоны қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің және парламентаралық ықпалдастықты нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндоға ілтипат білдіре отырып, азаматтарымыздың жапон халқына құрметі ерекше екенін айтты.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынастың айрықша деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының өзара байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қазақ-жапон қатынастары саласында экономикалық бағыт маңызды рөл атқарады. Президент сауда және инвестициялық іс-әрекеттердің мол мүмкіндігіне назар аударып, еліміздің экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге 8 миллиард доллар инвестиция құйған Жапония Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының ондығына кіретініне назар аударды. Сондай-ақ мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жеткенін атап өтіп, бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін мол әлеует бар екенін жеткізді.

Тошиаки Эндо кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың жолдаған хатын табыстады.

Парламенттік достық лигасының төрағасы Жапония парламентінің барлық сала бойынша Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге дайын екенін растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027534-toqaev-zaponiya-parlamentinin-qazaqstanmen-dostyq-ligasynyn-toragasy-tosiaki-endony-qabyldady/

pixel