Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір мәртебесінен айырылды

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Нұрсұлтан Назарбаевты тағы бір мәртебесінен айыратын екі заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар президент "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Еске сала кетсек, 29 маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында жоғарғы палата депутаттары Назарбаевты оның атымен аталатын мектептер, жоғары оқу орыны және қордың жоғарғы кеңесінің басшысы мәртебесінен айыратын заңды мақұлдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027561-nursultan-nazarbaev-tagy-bir-martebesinen-aiyryldy/

pixel