Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: 2030 жылға қарай Астана халқының саны 2 миллионға жетеді

Опубликовано:

Елорда
Астана. Көрнекі фото: Рixabay.com

Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға қарай Астана халқының саны 2 миллионға жететінін айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы әлемнің жылдам дамып келе жатқан астаналарының қатарына кіретін елорда басқа қалалардың дамуына үлгі болатынын атап өтті.

"Өткен ширек ғасырда еліміздің бас қаласының аумағы 3 есе ұлғайып, халқының саны 4 есе өсті. Сарапшылардың болжамы бойынша елорда тұрғындарының саны 2030 жылға қарай 2 миллионға жетеді.

Ел астанасы мәртебесіне ие болған сәттен бері қаланың экономикалық әлеуеті 100 еседен астам артты. Қазір қала экономикасы елдегі жалпы ішкі өнімнің 10 пайыздан астамын құрайды", – деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027635-toqaev-2030-zylga-qarai-astana-xalqynyn-sany-2-millionga-zetedi/

pixel