Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полигон аумағында Семей ядролық қауіпсіздік аймағы құрылады: Тоқаев тиісті заңдарға қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" заңына қол қойды. Оған сәйкес, бұрынғы полигон аумағында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойған.

Заң нормаларына сәйкес бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарланып отыр.

Бұл аумақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы жерлерді шаруашылық айналымға біртіндеп қайтару үшін оңалту мақсатында құрылады. Арнаулы аймақты кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша анықталған ластанған учаскелерде құру жоспарланған.

"Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" заңда мына мәселелер қарастырылған:

1. Бұрынғы Семей сынақ полигоны жерлерінде және нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған іргелес аумақтарда "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы" арнаулы аймағын құру;

2. Радиоактивті ластанудың таралуын шектеу;

3. Полигон аумағындағы радиоактивті қалдықтарды жинау, орналастыру және кәдеге жарату арқылы Семей ядролық қауіпсіздік аймағының аумағын оңалту;

4. Семей ядролық қауіпсіздік аймағындағы радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027724-toqaev-semei-yadrolyq-qauipsizdik-aimagyn-quru-turaly-zanga-qol-qoidy/

pixel