Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаныбек Жұмашев Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Опубликовано:

Қаныбек Жұмашев
Қаныбек Жұмашев. Фото: primeminister.kz

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлады.

Қаныбек Жұмашев 1970 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы "Қаражанбастермұнай" тәжірибелік-эксперименттік мұнай-газ өндіру басқармасы цехының технологы болып бастаған.

1992-1993 жылдары – Қаражанбастермұнай" тәжірибелік-эксперименттік мұнай-газ өндіру басқармасының ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехы зертханасының инженері.

1993-1995 жылдары – Ақтау қаласындағы орта кәсіптік-техникалық училищеде химия пәнінің оқытушысы.

1997 жылы – колледжде химия пәнінің оқытушысы, орта мектепте биология және география пәнінің мұғалімі.

1997-2000 жылдары – Маңғыстау облыстық білім басқармасының алғашқы әскери дайындық бойынша жетекші маманы.

2000-2004 жылдары – Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.

2004-2005 жылдары – Маңғыстау облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы Білім департаменті директорының м.а.

2005-2006 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы Білім департаменті директорының орынбасары, директоры.

2008-2010 жылдары – Маңғыстау облысы Білім басқармасының бастығы.

2010-2012 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2019 жылдары – "Нұр Отан" партиясында жұмыс істеген.

2019-2020 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.

2021-2022 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Оқу-ағарту министрлігі Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2027727-qanybek-zumasev-oqu-agartu-ministrligi-orta-bilim-beru-komitetinin-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel