Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Шәкір Кейкін
Шәкір Кейкін. Фото: facebook.com/AkimatAtyrau

Атырау қаласының әкімі болып Шәкір Кейкін тағайындалды. Тиісті бұйрыққа аймақ басшысы Серік Шәпкенов қол қойды. Оның кандидатурасы президент әкімшілігімен келісілген, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында "Теңізмұнайкомплект" ЖШС-інде коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастап, 1999 жылға дейін әр түрлі қызмет атқарды.

1999 - 2001 жылдар аралығында "РАМАКО" ЖШС-інде директордың коммерция жөніндегі орынбасары;

2001 - 2008 жылдар аралығында "Казстройсервис ЛТД" ЖШС-да директор;

2008 жылы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі;

2008 - 2009 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары;

2009 - 2018 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі;

2018 - 2019 жылдар аралығында Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобильдары жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы;

2019 жылы Атырау қаласы әкімінің орынбасары;

2019 - 2022 жылдар аралығында Мақат ауданының әкімі болып жұмыс істеген.

2023 жылдың наурыз айынан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментінің басшысы қызметінде болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2028025-atyrau-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel