"Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама": Тоқаев бірнеше заңға қол қойды
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.
Президент мынандай заңдарға қол қойды:
- "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасының заңына;
- Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңына:
- "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2028088-toqaev-onlain-platformalar-zane-onlain-zarnama-turaly-birnese-zanga-qol-qoidy/