Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 жылға созылды: Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы толығымен шегенделді

Опубликовано:

Айбек Смадияров
Айбек Смадияров. Фото: gov.kz

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны шегендеу шарты күшіне енді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2023 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт күшіне енді.

Шартқа 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында екі мемлекет басшылары қол қойды.

Осы Шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық шегендеудің 19 жылдық процесінің толық аяқталуын білдіреді.

Бұл оқиғаның алдында Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан шегендеу комиссиясы шеңберінде өткен келіссөздердің 100 раунды болды. Ұзындығы 2357 км шекара сызығы 1301 шекаралық белгімен белгіленіп, көлемі 8000 парақтан астам шегендеу құжаттарда көрсетілген.

"Осы оқиға мемлекеттік шекара ауданында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, екіжақты, өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңды ресімдеу процесінің оңтүстік бағытта аяқталуын білдіреді", - деді Смадияров бүгін өткен брифингте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2028099-19-zylga-sozyldy-qazaqstan-men-ozbekstan-sekarasy-tolygymen-segendeldi/

pixel