Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев Астанадағы мектеп пен балабақша мәселесін көтерді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте президент елордада мектептер мен балабақшалардың санын көбейту, мұғалімдер тапшылығы мәселесін көтерді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысы кеңесте сапалы білім беру қызметінің қолжетімді болуы аса маңызды екенін атап өтті.

"Астанада баланы мектепке немесе балабақшаға орналастыру әлі де өзекті мәселе болып отыр. Көптеген мектепте оқушылар саны жоспарлы межеден артық. Шын мәнінде, үш ауысымды оқыту жүйесі сақталып отыр. Бұған жол беруге болмайды. Қалада жаңа білім беру мекемелерінің құрылысына басымдық беру қажет. Сондай-ақ 15 қосымша білім беру нысанын салу керек", - дейді президент.

Сонымен қатар кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев елордада білікті мұғалімдер тапшы екенін айтып, педагогикалық жоғары оқу орнын ашу туралы ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

"Астанада білікті ұстаздардың тапшылығы ерекше сезіліп отыр. Жыл сайын бір мыңға жуық мұғалім жетіспей жатады. Сондықтан, елордада педагогикалық жоғары оқу орнын ашу туралы ұсынысты қолдаймын. Бұл – дер кезінде көтерілген бастама. Сол арқылы салынып жатқан мектептерге қажетті мамандар даярлауға мүмкіндік туады. Үкімет педагогикалық оқу орнын ашуды және көпбейінді аурухана салуды мұқият пысықтауы қажет", - дейді мемлекет басшысы.

Президент осыған байланысты қаражат мәселесін қарастыру керектігін айтты.

"Әділетті қоғамды құру үшін, ең алдымен, өскелең ұрпақтың жан-жақты, толыққанды дамуын қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан мектептердегі білім беру ісі балалардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, инклюзивті әрі барлық бала үшін қолжетімді болуға тиіс", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2028194-bugan-zol-beruge-bolmaidy-toqaev-astanadagy-mektep-pen-balabaqsa-salu-maselesin-koterdi/

pixel