Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі күнге дейін нақты нәтиже жоқ": Тоқаев Экология министрлігінің жұмысын сынға алды (видео)

Опубликовано:

Зүлфия Сүлейменова
Зүлфия Сүлейменова. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізіп, онда Экология министрлігінің жұмысын сынға алды. Кеңесте айтқан президенттің сөзін Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында жариялады.

Кеңесте мемлекет басшысы Астананы сумен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

"Бұған қоса, су қоймасы лайланып, ластанып жатыр. Мұны құзырлы министрлік білуге тиіс. Қойманың түбін тазалап, оны тереңдету керек. Астана су қоймасының бөгетін толық тексеріп, нығайту қажет. Оған Сәтбаев каналынан судың тұрақты келіп тұруын қамтамасыз еткен жөн. Осы шараларды дереу қолға алу керек", - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев экология министріне Астана су қоймасының жұмысын қолға алуды тапсырды.

"Қойманың техникалық жағдайын шұғыл ретке келтіру қажет. Бұл – өте маңызды мәселе. Астанада бұдан басқа су көзі жоқ. Ашығын айтсақ, мұндай ахуал көптен бері жалғасып келеді, яғни бұл бір күнде пайда болған мәселе емес", - деді президент.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Экология министрлігінің жұмысын сынға алды.

"Бұған дейін Экология министрлігіне қаланы сумен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жасау тапсырылды. Бірақ, әлі күнге дейін нақты нәтиже жоқ. Тіпті, осы мәселені шешуге қатысты тиімді ұсыныстар да жоқ. Тағы да қайталап айтамын: құзырлы министрлік нақты шаралар қабылдауға тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2028214-ali-kunge-deiin-naqty-natize-zoq-toqaev-ekologiya-ministrliginin-zumysyn-synga-aldy/

pixel