Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдайлар министрі Тоқаевқа министрліктің трансформациясы туралы мәлімдеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сырым Шәріпханов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сырым Шәріпханов. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Сырым Шәріпханов баяндамасында:

  • министрліктің атқарып жатқан жұмыстары мен жоспары жөнінде баяндады;
  • министрлікте алдағы уақытта жүзеге асырылатын трансформация және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жұмыстары туралы мәлімдеді;
  • төтенше жағдайлардың саны мен ауқымы ұлғайған жағдайда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайдың салдарын жоюдан бұрын оның алдын алуға бағдарлау көзделіп отырғанын жеткізді;
  • құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру және цифрландыру ісін нығайту, сондай-ақ құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің кадрлық әлеуетін арттыру, оларды әлеуметтік қорғау шараларын күшейту жөнінде ақпарат берді;
  • халықты алдын ала қорғауға қажетті жағдай жасау мақсатында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге айрықша мән беріліп отырғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2028340-totense-zagdailar-ministri-toqaevqa-ministrliktin-transformaciyasy-turaly-malimdedi/

pixel