Тоқаев Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды және барша француз халқын Францияның ұлттық мейрамы - Бастилияны алу күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы сенімді саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген стратегиялық серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2028625-toqaev-franciya-prezidentine-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/