Аманғали Бердалин Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Үкімет қаулысымен Аманғали Бердалин Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.
Үкіметтің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Аманғали Бердалин 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы құрылысшы болып бастаған.
1989-1994 жылдары – Ақтөбе облысы Г. Шевченко атындағы кеңшардың аға мал дәрігері, бас мал дәрігері.
1994-2011 жылдары – Г. Шевченко атындағы кеңшарда "Қарабұтақ" ұжымдық кәсіпорнының төрағасы, "Қарабұтақ" ЖШС-нің директоры.
2011-2012 жылдары – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімі орынбасарының м.а., әкімі.
2012-2016 жылдары – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі.
2016-2019 жылдары – Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі.
2019-2021 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін VII сайланған парламент мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2028701-amangali-berdalin-auyl-saruasylygy-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/