Тоқаев осы аптада Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 шілдеде Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігіне "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" атты мемлекет басшыларының саммитіне қатысу үшін барады.
Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.
Еске сала кетейік, былтыр шілдеде мемлекет басшысы Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барған еді.
Президенттің ресми сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2028891-toqaev-tayauda-saud-arabiyasy-koroldigine-zumys-saparymen-barady/