Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті (фото)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбар мешітінде
Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбар мешітінде. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталған.

Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасаған. Қазақстан президентінің келуіне орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылған.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласында өтетін "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2029187-toqaev-muxammed-paigambar-mesitine-ziyarat-etti-foto-video/

pixel