Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысының прокуроры қызметінен босатылды

Опубликовано:

Жарқынбек Бақашбаев
Жарқынбек Бақашбаев. Фото: instagram.com/prokuratura_obl__ulytau

Ұлытау облысының прокуроры Жарқынбек Бақашбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ұлытау облысының прокуратурасы Instagram парақшасында хабарлады.

"Бас прокурордың бұйрығымен Ұлытау облысының прокуроры Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев Бас прокуратураға ауысуына байланысты қызметінен босатылды", - делінген хабарламда.

Айта кетейік, Жарқынбек Бақашбаев Ұлытау облысының прокуроры болып 2022 жылғы шілдеде тағайындалған еді.

Ол еңбек жолын 1985 жылы Целиноград қаласындағы Ленин аудандық прокуратурасында тағылымгер болып бастаған.

Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы, Арыс, Түркістан, Шымкент қаласының прокуроры, Қызылорда, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның арнайы прокурорлар департаменті бастығының және қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары болған.

Сондай-ақ заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы қызметін атқарған.

ІІ-дәрежелі "Даңқ" орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және І,ІІ,ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" ведомствалық медальдарымен мараптталған. Прокуратура органдарының құрметті қызметкері, Түркістан қаласының құрметті азаматы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2029221-ulytau-oblysynyn-prokurory-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel