jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға ҮЕҰ тарапынан өтінімдер саны үш есеге артты

    Альфия Адиева
    Фото: Samruk Kazyna Trust

    2023 жылдың бірінші жартысында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторына ҮЕҰ тарапынан әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға өтінімдер саны үш есе өсті. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Samruk-Kazyna Trust қорының бас директоры Альфия Адиева айтты.

    «Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырар болсақ, келіп түскен өтінімдер саны 3 есеге артты. Мысалы, 2022 жылдың бірінші жартысында үкіметтік емес ұйымдардан қайырымдылық көмек көрсетуге барлығы 29 өтінім келіп түсіп, оның 17-сі Қамқоршылық кеңестің мақұлдауына ие болды. Осы жылдың жартысында 87 өтінім келіп түссе, оның 44-і талаптарға сай болды және шешім қабылдау үшін Қамқоршылық кеңес мүшелеріне ұсынылды. Бүгінде 27 өтінім мақұлданды», - дейді Альфия Адиева.

    Альфия Адиева
    Фото: Samruk Kazyna Trust

    Қордың белсенді жұмысының нәтижесінде 2023 жылғы бюджет бүгінде 44 пайызға игерілген. Жыл басынан бері жалпы сомасы 4,4 млрд теңгеге 27 әлеуметтік жоба мақұлданған. Бұл ретте қайырымдылық көмекпен қамтылған бенефициарлар саны 454 мыңды құрап отыр, оның ішінде - 22 мыңы бала және 81 мың ауыл тұрғыны.

    Бүгінде Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 62 әлеуметтік жобаны іске асыруда, оның 35-і өткен жылғы жобалар.

    Брифинг «Samruk-Kazyna Trust»
    Фото: Samruk Kazyna Trust

    2022 жылы Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында сайты жаңартылып, өтінім беру және кеңес беру мәселелері аясында жедел желі құрылды.

    Өтініш беру алгоритмін жеңілдету мақсатында егжей-тегжейлі бейне көрсетілім мен қажетті құжаттардың нұсқаулықтары жарияланды. «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық саясатын және көмек көрсетудің қолданыстағы ережелерін түсіндіру мақсатында өңірлерде 700-ден аса адамның, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 10 офлайн кездесу ұйымдастырылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.