Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болашақ" түлегі туған ауданына әкім болып тағайындалды

Опубликовано:

Нұрхан Тілеумұратов
Нұрхан Тілеумұратов. Фото: facebook.com/aktobeakparat

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі болып Нұрхан Тілеумұратов тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

"Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен Қазақстан президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша Хромтау ауданының әкімі болып Нұрхан Жасұланұлы Тілеумұратов тағайындалды.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бүгін аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді", - делінген ресми хабарламада.

Нұрхан Тілеумұратов 1991 жылы Хромтау ауданында дүниеге келген, білімі жоғары.

Ол 2013 және 2015 жылдары Халықаралық бизнес университетін, 2017 жылы Ұлыбританияның Уорвик университетін "Болашақ" мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 2019 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін бітірген.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2013 жылы Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының іс жүргізу жөніндегі инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары, KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының өңірлік директоры болған.

2020 жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2029618-bolasaq-tulegi-tugan-audanyna-akim-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel