Тоқаев Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисиді және Мысыр Араб Республикасының барша халқын ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтаған.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Қазақстан мен Мысыр арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен берік ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2029624-toqaev-mysyr-prezidentine-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/