Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор басшысы Тоқаевқа бюджетке қайтарылған активтер туралы мәлімдеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Жұмағали
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Жұмағали. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Асхат Жұмағалидың баяндамасында:

  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сырттан талдау жүргізу кезінде жерді бөлу және Алматының қала құрылысын дамыту ісін жоспарлау барысында жиі қайталанатын заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталған;
  • білім беру саласындағы бюджеттік өтінімдерді әзірлеу тетіктерінің жетілдірілмегеніне, қызметкерлерді бір орталықтан есепке алудың болмауына және қаржы жымқыруға әкеп соқтырған бухгалтерлік жүйелердің қазынашылықтағы деректер базасымен біріктірілуіне байланысты тәуекелдер анықталған;
  • кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды жою үшін 1Бизнеске жол1 жобасын жүзеге асыру ісі жалғасатынын, сонымен қатар бұл бастама қолға алынған сәттен бері 21 мың бизнес субъектісіне көмек көрсетіліп, 400-ден астам түйткілді кейс шешімін тапқан;
  • биылғы 6 айда 130 нысанға талдау және мониторинг жүргізілгені, жемқорлықты жоюға қатысты 1000-нан астам ұсыныс енгізілген;
  • жыл басынан бері елімізде 1000-ға жуық сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, 700-ден астам адам әшкереленген. Оның 98-і түрлі деңгейдегі басшылар;
  • сотқа дейінгі аяқталған тергеу амалдарының нәтижесі бойынша 232,6 миллиард теңге өтелген;
  • 1,5 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 860 миллиард теңге көлемінде мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыстарды жалғастыруды, әсіресе әлеуметтік маңызы бар салаларға баса мән беруді тапсырды. Сондай-ақ алдын алу шараларының аса маңызды екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2029817-antikor-bassysy-toqaevqa-byudzetke-qaitarylgan-aktivter-turaly-malimdedi/

pixel