Антикор БҚО әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысының ұсталғаны жайлы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және telegram-арналарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат таратылуда.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған адамдар ұсталған жоқ", – делінген агенттіктің ресми хабарламасында.
Агенттік қылмыстық істерді тергеу туралы барлық өзекті ақпараттар Антикордың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланатынын атап өтті.
"Азаматтардан ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз", – деді агенттік өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2029880-antikor-bqo-akiminin-orynbasary-ustalgany-turaly-aqparatqa-pikir-bildirdi/