Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы дамудың даңғыл жолында

Жарияланған күні:

Еркінбек Жандос
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Құрылғанына ғасырға жуық уақыт өткен Қармақшы ауданында бүгінде жаңа бастамалар жүзеге асуда. Аудан халқының әлеуметтік жағдайы түзеліп, экономикалық ахуалда даму көрсеткіштерін көруге болады.

Ауыл шаруашылығы, құрылыс саласы, шағын және үлкен өнеркәсіп бағыттары қарқынды дамуда. Қазірде аудан бюджеті 11,6 млрд теңге болып белгіленсе, өңір басшысының қолдауымен 1,1 млрд теңгеге тағы көбейген.

Атаулы істер жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығының ұйымдастыруымен өткен брифингте Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбекұлы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне баяндады.

"Қазіргі кірісіміз 1,9 млрд теңге құраса, алдағы мәслихат сессиясымен 107,1 млн теңгеге ұлғайтылып, жылдық жоспарымызды 2 млрд теңгеге жеткізуді межелеп отырмыз. Бүгінгі күнге жыл басынан ауданға 4,0 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,8 пайызға артып отыр", - дейді Жандос Еркінбекұлы.

Тауық сою цехы
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ауданның әлеуметтік экономикалық әлеуетін арттырудағы айтулы салалардың бірі - ауыл шаруашылығы. Қазірде бұл саланың жалпы өнім көлемі 2 млрд 899,5 млн теңгені құрап отыр. Бұл меже өткен жылдағы осы кезеңмен салыстырғанда артығырақ.

"2023 жылы жалпы көлемі 26 813 гектар алаңға егіс орналастырылды. Оның ішінде күріш көлемі 13 770 гектар. Егін маусымына даярлық жұмыстарының жүйелілігінің нәтижесінде 3854 гектар жаңа жоңышқа, 1050 гектар жаздық бидай, 1050 гектар мақсары, 50 гектар құмай, 40 гектар сүрлем жүгері, 3 гектар күнбағыс дақылы себілді. Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуін қалыптастыру мақсатында биыл 392 гектар бақшалық жерлер дайындалды. Қазір бұл аймақ 881 отбасыға үйлестіріп берілді. Егістік алқаптарын суару мәселесі де аудан әкімінің тікелей назарында. Су беру нүктелерінен алыс орналасқан шаруалар үшін 24 су тарту насосы орналастырылған.

Құрылыс саласында да айтарлықтай нәтижелі істер бар. Айтулы бағыт бойынша жұмыс көлемі 1590,0 млн теңгеге жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 33,3 пайызға артық. Аудан әкімдігі Байқоңыр қаласындағы көпқабатты 5 тұрғын үй құрылысын және аумағын абаттандыру, инженерлік жүйелер сондай-ақ Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау жүйелерін қайта жабдықтау құрылысын жоспарлап отыр, мемлекеттік сатып алу жұмыстары да жүргізілуде.

Ауданымыздың елдімекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Т.Көмекбаев, Қармақшы, Алдашбай Ахун ауылдарында су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жобалары іске асырылуда. Қазіргі уақытта Т.Көмекбаев, Алдашбай Ахун ауылдарында құрылыс нысандары аяқталып, пайдалануға берілді. Қармақшы ауылындағы нысан тамыз айында пайдалануға беріледі", - дейді Жандос Еркінбекұлы.

Жұмыс кездесуі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аудан тұрғындарының қолын көгілдір отынға жеткізу мәселесі де басты назарда. Газдандырылған елдімекендерінің санын арттыру мақсатында Төретам кентінің 73,2 пайыз және Ақай ауылдық округіне 91,2 пайыз газ тарту жұмыстары атқарылды.

Қазірде Қармақшыда тек жосалылық жұрт қана газды тұтынып отыр. Сонымен қатар Дүр Оңғар ауылына дейінгі және ауылішілік газ желісінің құрылысы мен Жосалы кенті "Тәуелсіздік" ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін жеткізу құрылысын жүргізу келесі жыл іске аспақ.

Тағы бір аудан халқына қуаныш сыйлайтын бастамалардың бірі орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. "Ауыл Ел бесігі" бағдарламасы аясында Тұрмағамбет ауылы, Ақжар ауылы, Дүр Оңғар ауылында дәрігерлік амбулаторияның іргетасы қаланды, қазірде қарқынды құрылыс жұмысы жүргізілуде.

Білім саласы бойынша да біршама нәтижелі жұмысты байқалады. Қазірде 30 мектеп қармақшылық оқушыларды білім нәрімен сусындатып отыр. Нәтижеде жаман емес, ең үлкен білім сынағының бірі Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 655 мектеп бітірушінің 581-і тест тапсырып, ортақ балл - 84,7 пайызды құрап отыр.

Жалпы түлектердің ішінде 40 түлек "Алтын белгі" және 68 түлек "Үздік аттестат" иеленді. Сондай-ақ аудан аумағында 42 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар, оның ішінде 24-і мемлекеттік, 17-і жекеменшік балабақша мен 1 шағын орталық. Бүгінгі күні 42 мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 176 топ бар, онда бүгінгі күні 3676 бала тәрбиеленуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2030154-qyzylorda-oblysy-qarmaqsy-audany-damudyn-dangyl-zolynda/