jitsu gif branding logo appbranding logo app

"31" арнаның бас директоры болған бұрынғы диктор жаңа қызметке тағайындалды

Құрманбек Жұмағали
Құрманбек Жұмағали. Фото: t.me/Madeniet_zhane_sport_ministrligi

Құрманбек Жұмағали "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы 1985 жылы 27 тамызда дүниеге келген.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.

Масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар.

Ол 2004-2007 жылдар аралығында – "Қазақстан" РТРК" АҚ-да бағдарламалардың редактор - жүргізушісі;

2007-2013 жылдары "Қазақстан" РТРК" АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, "Хабар" агенттігі" АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі;

2013-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі;

2014-2015 жылдары "Қазақстан" РТРК" АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, "Сенбілік кездесу" ток-шоуының жүргізушісі;

2015 жылы "Қазақстан" РТРК" АҚ Аймақтық дамыту дирекциясының директоры;

2017 жылы "Алматы" телеарнасы бас директорының бірінші орынбасары;

2017-2018 жылдары - Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;

2018-2019 жылдары - "Қазақ радиолары" ЖШС директоры;

2019 жылдың 10 маусымынан бастап "Қазақстан "РТРК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары;

2019-2021 жылдар аралығында "Астана" телеарнасының бас директоры болған.

2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін "31" медиахолдингінің бас директоры қызметін атқарған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.