jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

    Рүстем Құрманов
    Рүстем Құрманов. Фото: gov.kz

    Рүстем Құрманов Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы үкімет ресми сайтында хабарлады.

    "Үкімет қаулысымен Рүстем Жомартұлы Құрманов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

    Рүстем Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2003 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі АШМ) қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

    2012–2013 жылдары – АШМ Инвестициялық саясат департаментінің директоры.

    2013–2015 жылдары – АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы.

    2015-2017 жылдары – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы.

    2017 жылғы шілдеден 2018 жылғы маусымға дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

    2018 жылғы маусым мен 2019 жылғы ақпан аралығы – "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы болған.

    2019 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін қайтдан Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.

    Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.