Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрі Қарулы күштерде кадрлық тағайындаулар жүргізді (фото)

Опубликовано:

қорғаныс министрі
Руслан Жақсылықов. Фото: gov.kz

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бірқатар офицерлді қызметке тағайындау және жоғарылату туралы бұйрықтарға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы тыл бас басқармасының бастығы полковник Рүстем Мұратбекұлы Қалықпаев ҚР Қарулы күштері қару-жарақ бастығы болып тағайындалды.

Рүстем Мұратбекұлы
Рүстем Мұратбекұлы. Фото: Қорғаныс министрлігі

Полковник Талғат Серікұлы Сыздықов әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы қызметінен босатылып, әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары - ҚР Қарулы күштері әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыс бас басқармасының бастығы болып тағайындалды. 

Талғат Серікұлы Сыздықов
Талғат Серікұлы Сыздықов. Фото: Қорғаныс министрлігі

ҚР қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының өкімінде тұрған полковник Тимур Төлегенұлы Еспағанбетов екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы болып тағайындалды.

Тимур Төлегенұлы Еспағанбетов
Тимур Төлегенұлы Еспағанбетов. Фото: Қорғаныс министрлігі

Штаб бастығы - Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР қорғаныс министрлігі Әскери колледжі бастығының орынбасары полковник Болат Кәрімұлы Оспанбеков осы оқу орнының басшысы болды.

Болат Кәрімұлы Оспанбеков
Болат Кәрімұлы Оспанбеков. Фото: Қорғаныс министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2030558-qorganys-ministri-qaruly-kusterde-kadrlyq-tagaiyndaular-zurgizildi-foto/

pixel