Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"3,5 млрд теңгеден астам айыппұл салынды": Тоқаев монополияға қарсы тергеу амалдарының нәтижесін тыңдады

Опубликовано:

Қасым Жомарт Тоқаев Марат Омаровты қабылдады
Марат Омаров президент қабылдауында. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Президентке биылғы бірінші жартыжылдықтағы бәсекелестік жағдайы және негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі келтіретін тосқауылдар жөнінде есеп берілді. 

"Мемлекет басшысына монополияға қарсы тергеу амалдарының аралық нәтижелері, экономиканы монополиядан арылту және бәсекелестікті дамыту үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ монополияға қарсы органның рөлін күшейту мәселесі туралы баяндалды. Жыл басынан бері монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректері бойынша 48 істі тергеу аяқталды. Сондай-ақ 33 іс тергеліп жатыр. Бұл ретте жосықсыз нарық субъектілеріне 3,5 миллиард теңгеден астам айыппұл санкциясы салынды. Соттың қарауында 40-тан астам монополияға қарсы іс бар", - делінген хабарламада.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасының негізгі салаларын монополиядан арылту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру ісін жалғастыруды және бәсекелестікті дамыту бойынша қосымша ұсыныстар дайындауды тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2030737-35-mlrd-tengeden-astam-aiyppul-salyndy-toqaev-monopoliyaga-qarsy-tergeu-amaldarynyn-natizesin-tyndady/

pixel