Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Әбдіғалиұлы "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті

Опубликовано:

Берік Әбдіғалиұлы және Канат Шарлапаев
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлытау облысына жұмыс сапарымен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі АҚ-ның Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев келді. Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен Қанат Шарлапаевтың кездесуінде агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті қолдауға қатысты бірқатар мәселе талқыланды.

Бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жыл басынан жалпы құны 6 млрд 984 млн теңгеге (2022 жыл 6 айы – 4,2 млрд.тг) 182 жоба қолдау тапты. Қолдау жасалған қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға өскен.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағалары
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңір басшысы "Бәйтерек" ҰБХ АҚ Басқарма төрағасына "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның Ұлытау облысындағы филиалын ашу мәселесін қарастыру туралы өтініш білдірді.

Берік Әбдіғалиұлы және Канат Шарлапаев
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, қазір біздің өңірдің фермерлері мемлекеттік қолдау алу үшін "ҚазАгроҚаржы" Қарағанды филиалына баруға мәжбүр.

Сондай-ақ Берік Әбдіғалиұлы Облысымыздың шаруа қожалықтарын қаржыландыру үшін қосымша қаражат бөлу мәселесін көтерді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағалары
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тағы бір маңызды мәселе – Жезқазғанда 2024 жылдан бастап бұрынғыдай моноқала мәртебесі болмайды. Сәйкесінше, өңір кәсіпкерлерінің салалық шектеулерсіз жеңілдікті несие алу мүмкіндігі болмайды. Облыс әкімі 2024 жылы Жезқазған қаласының кәсіпкерлерін қолдау үшін аумақтық бағдарламаны іске қосуды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2030995-berik-abdigaliuly-baiterek-xoldinginin-basqarma-toragasy-qanat-sarlapaevpen-kezdesti/

pixel