Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дархан Сатыбалды: Мақтааралда мақта талшығын өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Опубликовано:

Дархан Сатыбалды Мақтааралды ауданына сапарынан
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мақтаарал ауданында мақта талшығын өңдейтін зауыттың құрылыс жұмыстары басталды. Алдағы уақытта зауытта жергілікті 50 тұрғын үшін жаңа жұмыс орны ашылады. Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісі, тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі зор. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

"Жергілікті әкімдердің алдында тұрған басты міндет – жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру. Осы жылы мамыр айында облыстық делегациямен Қытай Халық Республикасына барған болатынмын. Сол кезде бірнеше қалалардағы әлемге әйгілі ірі компаниялардың жұмысымен таныстық. Біздің басты мақсатымыз – экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру. Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісі, тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі зор. Бұл бағыттарды дамыту үшін облысымыздың оңтүстік аудандарының әлеуеті жоғары", - деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Дархан Сатыбалды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мақтаарал ауданында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 5 жылда 80 пайызға өсіп, былтыр 10 мыңнан асты. Олармен 39 млрд теңгеге өнім өндірілді. Биыл қосымша 1,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Аудан бюджетінің өзіндік кірістері артуда. Оның көлемі 2019 жылы 1,2 млрд теңгені құраса, былтыр 3,4 млрд теңгеге дейін жетіп, 3 есе артып отыр. Осы жылдың 6 айында өзіндік кірістер 1,6 млрд теңгені құрады (жыл соңына дейін 3,6 млрд. теңге). Бұл түсімдер ауданның әрі қарай дамуына өз септігін тигізеді.

Дархан Сатыбалды Мақтааралды ауданына сапарынан
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мақта дақылынан алынатын өнімділікті және сапасын арттыру мақсатында Өзбекстандық "Globаl Textile" компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, "Намаган-77"тұқымдық шит егілді. Биыл бұл компания Мақтаарал ауданында өзінің мақта қабылдау пункттерін ашып, 10 мың гектар алқаптан шикізат қабылдау жоспарланып отыр. Алдағы уақытта мақта қабылдау зауыттарымен қоса мақтаны терең өңдеу фабрикаларын салу жоспарлануда.

Дархан Сатыбалды Мақтааралды ауданына сапарынан
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кездесуде облыс әкіміне Мақтаарал тұрғындары түрлі ұсыныстары мен пікірлерін айтты, өтініштерін жеткізді. Сонымен бірге жеке қабылдауда да өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір сұраққа жауап беріліп, хаттамаға енгізілді. Облыс әкімінің халықпен кездесулері басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2031004-darxan-satybaldy-maqtaaralda-maqta-talsygyn-ondeitin-zauyttyn-qurylysy-bastaldy/

pixel