Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының кеңсесі ашылды

Опубликовано:

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кеңсесінің ашылуы
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жезқазғанда "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының кеңсесі ашылды. Салтанатты жиынға Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі АҚ-ның Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев арнайы қатысты.

Биыл кәсіпкерлік субъектілеріне, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында облыстық бюджеттен 136 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар банктердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Канат Шарлапаев
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Өңірімізде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19 мың бірлік шамасында, өсім 30 пайызды құрады. Бөлшек тауар айналымының көлемі 45,4 млрд теңгені құрап, өсім 17 пайызды көрсетті. Қол жеткен табыстарымыз да, жетістіктеріміз де аз емес. Дегенмен, одан әрі жақсы көрсеткіштерге жету басты мақсатымыз", - деді ашылу салтанатында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кеңсесінің ашылуы
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Ұлытау облысының тұрғындары үшін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының кеңсесі Жезқазған қаласы, Бейбітшілік к-сі, 43/1 мекенжайында қызмет көрсетеді.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кеңсесінің ашылуы
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2031017-zezqazganda-damu-kasipkerlikti-damytu-qorynyn-kensesi-asyldy/

pixel