Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісімнің мәтіні жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҮкімет Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімді бекітті. Келісім туралы құжат эталондық бақылау банкі НҚА ресми сайтында жарияланған.
Құжатқа сәйкес, визасыз режим екі жақ тарап мемлекетінің аумағына кіруге, шығуға, транзит арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өтуге құқылы. Екінші тарап мемлекеттің шекарасында болу үшін рұқсат келген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге беріледі. Азамат уағдаласушы тарап мемлекетінде – 180 күнтізбелік күн ішінде 90 күнтізбелік күн бойына визалық талаптардан босатылады.
Бұл ретте тараптар елге ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті немесе халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында уағдаласушы тараптардың екінші уағдаласушы тарап мемлекеті азаматтарының себебін айтпай елге келуін немесе болуын ұзартудан бас тартуға құқылы.
Қытайға кіру үшін Қазақстан азаматтарында өзімен бірге төлқұжаты мен елге қайту туралы куәлігі, ал ҚХР азаматтарында жартылай қызметтік төлқұжат, кәдімгі төлқұжат және уақытша жол жүру құжаты болуға тиіс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2031330-qazaqstan-men-qytai-arasyndagy-vizasyz-rezim-turaly-kelisimnin-matini-zariyalandy/